Президент Қасым-Жомарт Тоқаев XVI Карл Густавтқа Швеция Корольдігінің Ұлттық күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
– Біз Швециямен арадағы қалыптасқан серіктестік қатынастарды жоғары бағалаймыз әрі достас екі елдің игілігі жолындағы байланыстарды тереңдетуге ниеттіміз. Осынау айтулы мереке күні Сізге бақ-береке тілеймін және Швеция халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.