Қазіргі кезде Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық кітап күнін атаулы күндер тізбесіне енгізу бойынша ҚР Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі, - деп жазады Aikyn.kz.
Депутаттың мәліметінше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны бекіту жұмыстары іске асырылып жатыр.
Ал Үкіметтің хабарлауынша, 2021-2025 жылдарға арналған шағын қалалардағы, аудан орталықтарындағы және ауылдардағы 5 000 мектепті жаңғыртудың Жол картасы шеңберінде 2 577 мектеп кітапханасы жаңартылған.
Аталған Жол картасының аясында 2024 жылдың аяғына дейін 670 мектеп кітапханасы жаңғыртылады.
Мемлекет басшысының бастамасымен 2022 жылдан бастап «24 қазан – Кітапханашылар күні» деп бекітіліп, мереке қарсаңында кітапхана саласының дамуына айрықша үлес қосқан 179 кітапхана қызметкерлері «Мәдениет саласының үздігі» және «Еңбек ардагері» төсбелгілерімен, «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хаттармен» марапатталған.