Садақ атудан Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында өтіп жатқан Азия кубогында Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, екі жүлде де аралас командалық жарыста қоржынға түсті.
Блоктық садақ атудан Андрей Тютюн мен Адель Жексенбинова үшінші орын алса, классикалық садақ атудан Алина Ілиясова мен Дәулеткелді Жаңбырбай қола жүлдегер атанды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.