Алматыда монша өртке оранды

Зардап шеккендер жоқ.

Алматыда Бостандық ауданының монша кешендерінің бірінің аумағында орналасқан жеке тұрған монша өртенді, –  деп жазады Aikyn.kz.

Құтқарушылар шақырту түскен сәттен бастап 35 минутта 30 шаршы метр алаңдағы өртті жойды. Қуанышқа орай зардап шеккендер жоқ.

«Төтенше жағдай болған жағдайда 112 нөмеріне хабарласыңыз!» – деп ескертті Төтенше жағдайлар министрлігінен.