Маңғыстауда оқушы жүргізген көлік жол апатына ұшырап, екі адам қаза болды

Көлік ішінде 8-9-сыныпта оқитын 4 бала болған.

Әлеуметтік желіде Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылында, мектеп оқушылары автокөлікті басқарып, жол көлік оқиғасына ұшырағаны тарады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мangystaumedia.kz жазғандай, көлік ішінде  8-9-сыныпта оқитын 4 бала болған. 

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті аталған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді. 

Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпараттар жария етілмейді, – деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.