Ақтөбеде құтқарушылар шатыр басып қалған көліктен екі азаматты аман алып шықты, - деп жазады Aikyn.kz.
«Екпінді желдің салдарынан Алматы ауданында қойма ғимаратының шатыры ішінара бұзылу салдарынан 2 жеңіл автокөлік зақымдалды», — делінген хабарламада.
Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары көліктен өздігінен шыға алмаған 43 жастағы ер адам мен 13 жастағы баланы кесуге арналған құралдардың көмегімен құтқарып алды.