Степногор қаласында 80 жастағы әже құтқарылды, - деп жазды Aikyn.kz.
Ол өзінің жабық пәтерінде құлап, өздігінен тұра алмаған. 1944 жылы туған әйелге Ақмола облысы ТЖД қызметкерлері көмекке келді.
«Оқиға орнына келген құтқарушылар үш тізелі баспалдақтың көмегімен 3-қабаттағы пәтерге терезе арқылы кіріп, еденде жатқан әжейді тапты, кейін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды», - деп хабарлады ТЖМ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.