Кеше Ақшұқыр ауылында мектеп оқушылары автокөлікті айдап кетіп, жол-көлік апатына түскен болатын, - деп хабарлайды Aikyn.kz mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Екі оқушы оқиға орнында қаза тапты.
“Қалған екі оқушының біреуі реанимацияда, жағдайы ауыр. Біреуі үйіне жіберілді”, - деп хабарлады МО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Маңғыстау облыстық Полиция департаменті аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.