Робот-гуманоид Ұлы Қытай қорғанына шығып алған

Біз гуманоид роботтардың билегенін көрдік, жаңғақ жару, қияр турау, кеңсе тазалау сияқты көптеген әсерлі істерін білеміз. Енді қытайлық компания жасаған робот Ұлы Қытай қорғанына да шығып кетіпті.

Цифрлық дәуірдің адамға ұқсайтын роботтардың жаңа жетістіктерін newatlas.com сайты хабарлады. Осы материалға сүйенген Aikyn.kz гуманоид роботтың әлемге танымал ескерткіштегі қимыл-қозғалысын талдайды.

Robot Era командасы жасаған гуманоид Ұлы Қытай қабырғасына шықты. Фото Robot Era компаниясының сайтынан алынды

Жақын күндері жарияланған видеода XBot-L роботы Ұлы Қытай қорғанына шыққан алғашқы гуманоид деп көрсетілген. Бұл компанияның мақтанатын өнімі шығар, бірақ  оның бәсекелестері туристік жолдарда қыдырмайды. Қазір олар зертханаларда сынақтан өтіп, зауыттарда жұмыс істеуде.

Қытайлық XBot-L роботы Unitree компаниясы шығарған H1 гуманоиды сияқты жылдам немесе Boston Dynamics компаниясының жаңа Atlas роботы сияқты икемді және сымбатты болмаса да әйгілі қабырға бойымен тұрақты қозғалу қабілетін көрсетіп, жақсы жұмыс істейді. Ол кейде сынған кірпіштердің үстімен, тегіс емес жолдармен де жүре алады.

XBot-L роботы баспалдақпен оңай көтеріледі, тіпті қабырғадағы күзет мұнарасына жеткенде кейбір тайчи қимылдарын жасайды. XBot-L шын мәнінде қараңғы бөлмелерден де адаспай өте алады, басқа боттарға жарықтың аздығы үлкен кедергі болуы мүмкін. Robot Era компаниясы өздерінің гуманоид өнімдері мұндай қиындықтардан оңай өтетінін айтады, өйткені олар роботтарын ерекше оқыту (RL) технологиясымен үйретеді екен.

«Перцептивті RL алгоритмдері роботтың бейтаныс рельефті түсініп, шешім қабылдау қабілетін арттыруға көмектеседі. Осылайша, робот қиын жол жағдайларын танып, жүрісін дер кезінде реттей алады», – дейді Robot Era негізін қалаушы Юэ Си. 

 

Мына видеода гуманоидтың жетілдірілген навигациялық және теңгерім жүйелері анық көрсетілгенімен, жылдам дамып келе жатқан гуманоидтар сияқты епті болғанымен, оларды зертханадан шығарып, шынайы әлемге шығару үшін әлі де біраз уақыт пен сынақтар күтіп тұрғаны анық. Бұл жерде қытайлық гуманоид роботтың таңғажайыптығын көрсететін көп элементтер болмаса да, Бейжіңдегі Цинхуа университетінің Пәнаралық ақпарат ғылымдары институтының жанына құрылған Robot Era робототехника компаниясына сүйкімді робот ойлап тапқаны үшін алғыс айтуымыз керек.

Дүниедегі ең көрнекті ескерткіштердің біріне өз аяғымен шыққан гуманоидты көрсету жаңашыл ғана емес, сонымен бірге біздерді роботтарды әртүрлі жағдайда көруге дағдыландыруға көмектеседі.

Қалай ойлайсыз: бұл гуманоид па, адам ба? Саусақтары дұрыс орналасқан ба? Фото WomanHit сайтынан алынды

Адамнан аумайтын роботтар жасаған қытайлық ExRobots компаниясының өнімдері туралы Aikyn.kz сайты 11 мамырда жариялаған мақаладан оқи алсыз. Бүкіл әлемге танылған роботтардың қозғалыс теориясын жасаған қазақ академигі Өмірбек Жолдасбеков екенін көп адам біле бермейді. Бұған мақтануға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.