Жеңіліс көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) австралиялық файтер Джек Делл Маддаленаның (17-2) жарақаты туралы жаңалықтан кейін келесі жекпе-жекті кіммен өткізгісі келетінін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
«ДДМ (Маддалена) жарақат алды. Ал Усман мен Колби менімен шыққысы келмейді. Мен Леонның Белалға қарсы жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесуге дайынмын», – деп жазды Рахмонов Twitter-де.
Еске салайық, ағылшын Леон Эдвардс (22-3) – UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы. Америкалық Белал Мұхаммедпен (23-3) жекпе-жек 28 шілдеде Манчестерде (Англия) өтетін UFC 304-нөмірлі турнирінің басты файтерлері болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.