Алматыда шахматтан 26-шы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Турнирге 7-18 жас аралығындағы Азияның 34 елінен 650-ге жуық жас ойыншы жиналды. Бұл Қазақстан қабылдаған халықаралық деңгейдегі шахмат турнирлар арасындағы қатысушылардың рекордтық саны. Ауқымды чемпионат KazChess/Қазақстан шахмат федерациясы, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Азия шахмат федерациясының, Алматы қаласы әкімдігінің және Қазақстан теннис федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды. Чемпионаттың бас демеушісі – Freedom Holding Corp. компаниясы.
26-шы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты – бүгінде шахмат әлеміндегі үрдістерді белгілейтін Азия өңірі үшін маңызды оқиға. Мысалы, осы жылдың соңында шахмат тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атағы үшін Азия өкілдері күреседі: ерлер арасында қазіргі әлем чемпионы қытайлық Дин Лижэнь мен Үндістаннан келген Гукеш Доммараджу, қытайлық әйелдер Цзюй Вэньцзюнь мен Тань Чжунъи бар. Тәжірибе көрсеткендей, Азия чемпионаттары – шахмат әлемінің болашақ жұлдыздары үшін ұшыру алаңы десе де болады.
«Біз үшін осындай беделді турнирді өткізу – жоғары сенімнің белгісі және Азия шахмат федерациясындағы позициямызды нығайту мүмкіндігі. Чемпионат біздің елімізде шахматты танымал етуге үлкен әсер етеді, жаңа есімдер ашады және біздің жас шахматшыларымыз үшін байыпты бәсекелестік тәжірибе жинауға тамаша мүмкіндік болады деп күтеміз. Біздің команда турнирді сапалы ұйымдастырып қана қоймай, қонақтарға Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрлерімен танысуға, сондай-ақ Алматының бірегей табиғатын көруге мүмкіндік беретін қызықты шаралармен толтыруға тырысты», – деп атап өтті Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов.
Өкілді делегациялар Өзбекстаннан, ФИДЕ туының астында Ресей, Вьетнам, Үндістан, Қырғызстан, Моңғолия, Сингапур, Қытай мен Оңтүстік Кореядан келді.
Чемпионатқа қатысушылардың арасында екі халықаралық шебер бар – жақында үшінші гроссмейстерлік норманы орындаған қазақстандық Алдияр Ансат және Суреш Харш (Үндістан), және екі халықаралық әйелдер шебері – Амина Қайрбекова (Қазақстан) мен Мафтуна Бобомуродова (Өзбекстан). Мұнда ФИДЕ әйелдер шебері Нгуен Хонг Нюнг, 2022 жылғы әлем чемпионатының 16 жасқа дейінгі күміс жүлдегері. Қатысушылар арасында барлығы 24 ФИДЕ шебері және 11 ФИДЕ әйел шебері бар.
Чемпионат экологиялық таза және тұрақты даму ұранымен өтуде. Турнирде қолданылатын барлық пластик қайта өңделеді және оны арнайы велошредерде қатысушылардың өздері жасай алады. Алматылықтар мен қала қонақтары 10-20 маусым аралығында Балуан Шолақ атындағы Спорт кешенінде өтетін чемпионатқа қатысып, жаңа шахмат жеңістерінің куәсі бола алады. Онлайн-көрсетілімді Kazsport сайтынан көруге болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.