Жексенбі, 16 маусым күні Құрбан айттың бірінші күні Астана қаласында қоғамдық көлік тегін жүреді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы «City Transportation Systems» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
«Астана қаласы әкімдігінің шешімімен Құрбан айт мерекесі күні, яғни, 16 маусымда елорданың қоғамдық көліктері (қалалық және қала маңы бағдарлары) тегін жүреді. Қоғамдық көлік жұмысы таңғы сағат 06:00 басталады. Түнгі № 201, 202, 203 бағдарларында да маусымның 15-нен 16-сына қараған түні жол жүру тегін», – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, биыл Құрбан айт мерекесі 16 маусым күні басталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.