Мониторинг жүргізуге барған депутаттарға тұрғындар жерасты құбырларын ауыстыру кезінде жасыл желектерге зиян тиіп жатқанын айтып, өзгеше амал қарастыру керегін айтты.
Мердігер мекеме өкілдері «бір тал кессең, он тал ек» деген аталы сөздің барын айтып, барлық келеңсіздікті болдырмаудың тың тәсілін ойлап жатқандықтарын айтты. Құбыр жүйелері ауыстырылып қана қоймай, заман ағымына сай цифрландырудың озық үлгісі болады деп сендірді мердігерлер. Айтуларынша, ақылды технологияның көмегіне сүйене отырып, трубалардың бойында арнайы жылу температурасы мен апатты жағдайдың болу ықтималдығы сенсорлы тақталар арқылы толық көрсетіліп отырмақ. Осы арқылы тесілген, су кеткен аймақтарды уақытылы көріп, шеберлер келе аламыз. Енді бұрынғыдай жерді қазып, қарап болғасын анықтау деген жайбасарлық болмайды екен. Мына ақпараттарға қарап, міне жаңашылдық деп таңырқадық. Алайда бұл үшін компанияға бір жылға 23 млрд қаржы керек. Партиялық бақылау комиссиясы жобаның тиімділігін айтып, әкімдікпен жобаны қаржыландыру бойынша ақылдаспақ.
Айта кету керек, жөндеу жұмыстары кезінде ауызсу тоқтатылмайды екен.
Берік БЕК