Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрбан шалу рәсімін онлайн өткізуге арналған qurban2024.kz сайтын іске қосты, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сайт қызметін Төралқа мәжілісінде ҚМДБ Цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Серікханұлы таныстырды.
Халыққа, әсіресе үлкен қалаларда тұратындарға оңтайлы болу үшін биыл да құрбан шалу офлайн және онлайн форматта жүзеге асады.
Айта кетсек, онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, Kaspi QR арқылы қажетті қаражатты аудара алады. Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады. Тапсырысыңыз сәтті өтсе ұялы телефоныңызға смс хабарлама келеді.
Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі.
Сондай-ақ сайт арқылы құрбандық шалудан бөлек, құрбан етін алуға да өтініш қалдыруға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.