2024 жылдың 11 маусымында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) еліміздің аймақтарында Құрбан айт мерекесіне орай айт намазының уақытын белгіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бір қызығы, елдегі бір уақыт белдеуіне қарамастан, намаз уақытты әр өңірде әртүрлі.
ҚМДБ сайтында атап көрсетілгеніндей, зул-хижжа айының алғашқы он күнінде бар ықыласпен ғибадат етіп, жақсылық пен сауапты амалдарды көбірек жасауға тырысу керек.
Сондай-ақ Құрбан айт намазынан кейін үш күн ішінде мүмкіндігі бар мұсылман құрбандық шалуы керектігі айтылады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.