Жаңбыр, бұршақ, екпінді жел: 12 маусымға арналған ауа райы болжамы

Бүгін ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" синоптиктері 12 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ел аумағының басым бөлігі әлі де атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Сондықтан найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауады, дауыл соғуы ықтимал.

Республиканың шығысында қатты жаңбыр жауады. Ал елдің солтүстік-батысында және оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Сондай-ақ ел бойынша желдің күшеюі күтіледі.

Күндіз Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында қатты ыстық сақталады.

Батыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай облыстарының батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, Абай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Сондай-ақ Атырау, Түркістан, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, Жамбыл облысының батысында, шығысында, Алматы облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.