Көптен бері кофеге деген тәуелділіктен құтыла алмай жүргендер үшін сарапшылар оны алмастыра алатын балама сусындар тізімін жасады. Олардың айтуынша, бұл сусындар кофе ішуден біржола бас тартуға көмектесе алады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Шөп кофесі. Бұл цикорий тамыры, какао, шөп пен жидектердің қоспасы. Оның құрамында кофеин жоқ, бірақ дәмі эспрессоға ұқсайды. Ұнтақ тотығу стрессімен күресуге көмектесетін антиоксидантқа бай.
Жасыл шырын. Қант аз қосылған көкөністен дайындалған смузидің ешқандай жанама әсері болмайды, оған қоса тұрақты түрде энергияны бірқалыпта ұстап тұрады.
Үй жағдайында әзірленген какао. 100 пайыздық какао-ұнтағы, даршын мен сүт қосындысы кофенің орнын баса алады. Какао антиоксидант пен магнийге бай, сонымен қатар ас қорыту жүйесінің жұмысын қолдайды.
Нәрлендіретін ақуыз коктейльдері лезде сергектік, қуат береді және бұлшықет жұмысын жақсартады. Коктейльдер ең қарбалас күнде де өзіңізді жігерлі сезінуге көмектеседі.
Лимон қосылған жылы су шөлді қандырып қана қоймай, сондай-ақ иммунитетті нығайтуға және теріні жақсартуға көмектеседі, себебі оның құрамында С дәрумені бар.
Ройбос секілді шөп шайлары ағза мен ас қорыту жұмысын қолдап, энергияны арттырады.
Комбуча (чайный гриб). Ашытылған сусындар ішекті пайдалы бактерияға байытады, бұл жалпы денсаулыққа оң ықпал етуі мүмкін. Өйткені, ішектегі жақсы бактериялар қоректік заттардың сіңуіне ықпал етіп, иммунитетке көмектесіп, тәбетті бақылайды
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.