БҚО-да 18 жастағы жігіттің жоғалып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды
Рая Мінап
Бәйтерек ауданы Рубежка ауылының тұрғыны 10 маусым күні полицияға хабарлама түсірген.
Батыс Қазақстан облысында 18 жастағы жігіттің жоғалып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Бәйтерек ауданы Рубежка ауылының тұрғыны 10 маусым күні полицияға хабарлама түсірген.
Анасы 2005 жылы туған ұлы Игорь Исраиловтың 6 маусым күні шамамен сағат 08:20-да үйден шығып кетіп, осы уақытқа дейін оралмағанын көрсетті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.