Таиландтан халық тұтынатын тауарлары түріндегі пошта сәлемдемелері арқылы аса ірі мөлшерде есірткі заттарын жеткізу фактісін Қаржылық мониторинг агенттігі "Әуежай-Астана" кеден бекеті мен «DHL» курьерлік компаниясының қызметкерлерімен бірлесіп тоқтатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚМА Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері қызметтік-іздестіру итінің көмегімен DHL уақытша сақтау қоймасын тексеру кезінде кедендік бақылау аймағында халықаралық пошта жөнелтімдерінен 3 қорап табылды, олардың ішінде жалпы салмағы 3,5 келі каннабис сығындысы (гашиш майы) табылды.
Жедел-тергеу шаралары барысында төрт күдікті анықталды, олардың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілді, онда салмағы 787 гр марихуана және есірткі заттарын өлшеп-орау үшін қажетті басқа да заттар табылып, тәркіленді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
4 күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.