Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапары аяқталған Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёльге құрмет көрсетіп, елорда әуежайынан шығарып салды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2024 жылдың 11-13 маусым күндері Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген болатын.
Екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, қазақ-корей бизнес-форумына қатысты.
Сондай-ақ сапар аясында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды.