Қазақстандық шахматшы әлем чемпионы атанды

Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мәлімдеді.

Үндістанның Гандинагар қаласында өткен 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы әлем чемпионатында Қазыбек Нөгербек алтын медаль алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мәлімдеді.

Қазыбек Нөгербек классикалық шахматтан 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинады. Қазір оның FIDE рейтингі 2501.

Еске сала кетсек, Нөгербек осыдан 2 жыл бұрын Грекияда өткен 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы әлем чемпионатында рапид пен блицте жеңімпаз атанған.

Биылғы чемпионатта 44 мемлекеттен 226 шахматшы сынға түсіп жатыр.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.