Дәрігер сәбидің тыныс алу жолына тұрып қалған тауықтың сүйегін алып тастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Анасының айтуынша, бала кешкі сағат 22:00 шамасында полиэтилен пакетімен ойнап отырып, тұншыға бастаған. Жөтелден кейін өкпесінде сырылдар пайда болып, демала алмай қалыпты.
Кazinform жазғандай, жағдайының нашарлауына байланысты «Мақтаарал» орталық ауруханасына жүгінген. Ауыр халдегі сәби бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Санитарлық авиация желісі арқылы облыстық балалар ауруханасының балалар торакальды хирургы мен реаниматологы ауруханаға жіберілді. Шұғыл түрде зерттеу өткізіліп, бронхоскопия арқылы сол жақ негізгі бронхтан тауықтың сүйегі алынды. Нәтижесінде қауіп сейіліп, баланың денсаулығы қалыпты жағдайға түсті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.