Қарағандылық құтқарушылар қонақүйдегі өртті сөндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
– Бүгін Қазыбек би ауданында қонақүйлердің бірінде қабырға қаптамалары және кондиционер өртенді. 13 адам алдын ала эвакуацияланды, – делінген хабарламада.
ТЖМ күштерімен өрт шақырту түскен сәттен бастап 23 минут ішінде жойылды. Зардап шеккендер жоқ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.