Түркістан облысының Сарыағаш ауданында мас күйеуі әйелін «ұрып өлтіремін» деп қорқытып, досымен бірге зиратта жыныстық зорлық көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz EGOV.PRESS telegram-арнасына сілтеме жасап.
«Сарыағаш ауданында мас күйеуі досымен бірге зиратта әйелін зорлады. Сотталушылар кінәні ішінара мойындады және не істеп жатқанын түсінбегенін айтты», – делінген telegram-арнада.
Сот кінәлілерді 10 және 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Қылмыскерлерге қатысты сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.