Еңселі істің басында

Биыл Қазақстан Рес­пу­бликасында мәслихат­тар­дың құр­ылға­нына 30 жыл тол­ып отыр.

Тәуелсіз­ді­гі­міз­ді алғаннан кейін Мем­­­­­­лекет басшысы атқарушы билік­пен бірлесе отырып, елі­міз­­­дің әл-ауқатын кө­тер­у­ге тиісті басқарушы инсти­­­ту­­т­тың тағы бір тар­ма­ғы қа­­жет деп санап, өңір­­лер­де мәслихаттарды құру тур­­­алы шешім қабыл­даған болатын. Міне, бүгін тари­хи баста­маға 30 жыл тол­ды. Осы уақытта елі­міздің дамуы мен өркен­деуі бар­ы­­­сында талай еңселі істің басында бол­ған жергілікті өкілді орган­дардың маң­ызы зор.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Депутат болу – биік мансап емес, бұл – зор жауап­­кершілік және маңызды міндет», – деп атап өтті. Ал Парламент Мәжілісінің Спикері, «AMANAT» партиясының Төр­аға­сы Ерлан Қошанов: «Партиядан сайланған барлық деңгей­дегі мәслихат депутаттарының алғаш­қы республикалық форумында «Халықтың сенімі бізге күш береді. Сол сенімнің арқа­сында, өткен сайлауда Мәжілісте де, мәслихаттарда да басым дау­ыс­қа ие болдық», – деген болатын. 

Ел ішіндегі көптеген мәселе­нің түйіні тарқатылды 

2023 жыл еліміздің саяси өмірінде елеулі оқиғалармен есте қалды. Мемлекет басшысы жар­ия­лаған конституциялық рефор­ма­­лардың жалғасы ретінде Пар­ламент Мәжілісі мен барлық дең­­­гей­дегі мәслихат депутат­тарының сайлауы өтті. Осынау саяси науқанда «AMANAT» пар­тиясы халықтың жоғары ба­ға­сына ие болды. Партиялық тізім бойынша Парламент Мәж­іл­ісі депутат­тарының сайлауына түскен 7 саяси партия ішінен «AMANAT» партиясы сайлау­шылардың 53,90 пайыз дауысына ие болған еді. Түркістан обл­ысынан партиямыз ұсынған 4 кан­­­­­­дидат: Ерлан Абдиев, Қайрат Балабиев, Темір Қырықбаев, Ұласбек Сәдібеков Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланды. Сайлау науқанында «AMANAT» партиясы Түркістан облысы бойынша сайлаушы­лардың 56,9 пайыз дауысын жинады. Өңір бойынша барлық деңгейдегі мәслихат депутаттар­ының мандат саны 338 болса, соның 271 мандаты, яғни облыс­тық, аудандық, қалалық мәсли­хат депутаттарының 80,1 пайызы – «AMAN­­AT» партиясының өкіл­дері.­­­ 

Түркістан облыстық мәсли­хат­ында да жетекші партияның рөлі зор. Облыс бойынша мәс­лихат­тарда 338 мандат болса, оның 272-ін­­ «AMANAT» партия­сынан сай­лан­ған депутаттар иеленген. Партия атынан сайлан­ған депу­таттардың 254-і фракция мүшелері, 18-і мәслихат төраға­лары. Оның ішінде: 33-і облыс­тық, 221-і ау­дандық, қалалық мәслихат­тардағы фракция мүше­лері. Фракция мүшелерінің 117-і­­ Саяси кеңес мүшелері, 143-і Бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, 52-і Кеңестер мен партиялық бақылау комиссия­ларының төрағалары болып табылады.

Бүгінде Түркістан облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының фракциясына Алтынсары Үмбетәлиев жетекшілік етуде. Депутаттық корпус өкіл­дер­і­нің жұмыс тиімділігі партия қабылдаған сайлауалды бағдар­ламаны іске асыру нәтижелер­і­мен және сайлаушылар білдір­­­ген өтініштердің орындалуымен ба­­­ға­­­ланады. 

Өткен жылдың соңында өңір­де алғаш мәрте барлық деңгейдегі мәслихат депутат­тарының форумы өткен болатын. Жиында ­Түр­кіс­тан облыс­ының әкімі Дархан Са­ты­балды өзі қатысып, «AMAN­AT» жетекші партия ретін­де халық сеніміне ие болған ұйым екенін баса айтты. Басты міндет – тұр­­ғын­дардың әл-ауқатын жақ­сар­туда депутаттар мен жергілікті атқа­рушы органдар үйлесімді жұмыс жүргізсе, өңірдің дамуы серпінді болатынын атап өтті. 

Мағынасы терең, мазмұны ерек жиынға партия атынан қатысқан депутаттар 4 панельдік сессия бойынша облыс әкімінің орынбасарларына, салалық бас­қарма және департамент басшыларына сайлаушылар білдірген ұсыныстарды тікелей жеткізуге мүмкіндік алды. Форум барысында айтылған 102 ұсыныстың орындалуы партия филиалының тұрақты бақылауына алынып, облыс әкімдігінің салалық бас­қар­маларымен бірлесе іске ас­ыру­дың жолдары белгіленді.

Жол картасы тармақтарының орындалуы – фракция мүше­лер­інің бақылауында

Ал биылғы жылдың басынан бері фракциялардың 53 отырысы өтіп, 81 мәселе қаралды. Өткіз­ілген отырыстарда тиісті мемлекеттік органдарға 97 ұсыныс жол­данды. Отырыстарда облыс, қала және аудан әкімдері орын­бас­арларының, басқарма, бөлім және мекеме басшыларының есептері тыңдалды. Күн тәртіп­терінде сайлауалды бағдарлама Жол картасының орындалуы, облыстағы су тасқынының алдын алу, «Қарызсыз қоғам» партия­лық жобасының жүзеге асырылуы, «Салық, бюджет, су, құр­ы­лыс кодекстері» мен мем­ле­кет­тік сатып алу сияқты маңызды заң жобаларын талқылау және заң жобаларына ұсыныстар беру, Заңнамалық актілерді жетілдіру мен Фракция қызметіне қатысты мәселелер қаралды.

«Жол картада 5 жылда 542 іс­­шараның орындалуы жоспар­ланған. Түркістан облысындағы фракция мүшелерінің барлығы, Жол картасы тармақтарына жауа­пты болып бекітіліп, оның ор­­ын­далуы фракция мүшелерінің тұрақты бақылауында», –  дейді «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төраға­сы, мәслихаттағы фракция жетекшісі Алтынсары Дүйсен­бек­ұлы.

Фракция мүшелері Жол карта аясында, облыс көлемінде құ­рылысы жүргізіліп жатқан ныс­андарға барып, құрылыстың сапасына, құрылыс жұмыс­тар­ының кестесіне мониторинг жүргізіп, ол туралы ақпарат таратып келеді. Сондай-ақ қазіргі таңда фракция мүшелерінен құрылған уақытша комиссия мүшелері, облыстағы медицина­лық ұйым­дар­дың жұмысына зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Қоры­тындысы бойынша, облыс­тық партиялық бақылау комиссиясында, салалық басқарманың есебі тыңдалатын болады. 

Сондай-ақ бекітілген Ережеге сәйкес, фракция мүшелері, 486 қабылдау өткізіп, 1 550 азаматтың мәселесін тыңдаған. Оның 851-і оң шешімін тапса, 669-ына заң аясында кеңес берілді. Бұған қоса, фракция мүшелері шалғай елді мекендерде 116 көшпелі қоғамдық қабылдаулар өткізіп, 681 адамды қабылдады. Оның 351-і оң шешімін тапса, 330-ына заң аясында кеңес берілді.

Бүгінге дейін сайлаушылардан келіп түскен мәслихат депут­аттарының бақылауындағы 1 748 өтініштің 81 пайызы оң шешімін тапты, қалғандарының белгіленген мерзім ішінде жүзеге асырылуы тұрақты қадағалауға алын­ған. Партиямыздың депутаттары есепті кезеңде, жергілікті атқа­рушы органдарға 309 депутаттық сауал жолдады. Оның 112-і оң шешімін тапса, 131 сауалға заң аясында түсіндірме берілген. Қалған 66-ы орындалу үстінде. 

Түркістандық фракцияластар да қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бас­тамасымен басталған, «Таза Қа­зақстан» экологиялық акциясы аясында, өткізіліп жатқан сен­біліктердің бел ортасында жүр. Жал­пы, фракция мүшелері пар­тияның халыққа берген уәде­лерін орындау үшін белсенді жұ­мыс істеп жатқанын атап өт­кізгіміз келеді.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Түркістан облысы