4 маусымда Павлодар қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына Назарбаев көшесі бойында тұрған "Тандырный дворик" дүңгіршегіндегі нан-тоқаш өнімдерінің үстінен егеуқұйрық жүгіріп жүргені туралы шағым түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Рavlodarnews.kz жазғандай, басқарма қызметкерлері жоспардан тыс тексеріс үшін кәсіпкерлік нысанға барды.
"Тамақ өнімдерін сақтау және өткізу кезінде санитарлық нормалардың бұзылуы анықталды", – деп хабарлады басқарма.
Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы 1-бөлігіне және 463-бабы 1-бөлігіне сәйкес жеке кәсіпкерге қатысты шаралар қабылданды.