Жамбыл облысының полицейлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұшу аппараттарын (дрон) пайдалануда, – деп жазады Aikyn.kz.
Дрондар жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін автоматты түрде фото-бейнетіркеу кешендері жоқ жолдардың ең апатты қауіпті учаскелерінде қолданылады.
"Қарсы қозғалыс жолағына шығуға және жол белгілерінің қиылысына байланысты әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ патрульдік полиция қызметкерлерін жол жағдайы туралы хабардар ету үшін қолданылады", – деп жазды өңірдегі Полиция департаментінен.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.