Ерлан Қошанов бұл мейірім мен шапағат, ізгілік пен адамгершілік, қайырымдылық пен жомарттық секілді асыл қасиеттерді дәріптейтін ұлық мереке екенін айтты, – деп хабарлайды Aykyn.kz.
"Ардақты ағайын!
Баршаңызды күллі мұсылман қауымы үшін қастерлі Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – мейірім мен шапағат, ізгілік пен адамгершілік, қайырымдылық пен жомарттық секілді асыл қасиеттерді дәріптейтін ұлық мереке.
Осы күндері жасалатын сауапты істер, адамдардың бір-біріне жанашырлығы мен шынайы көңілі халқымыздың бірлігі мен ынтымағын арттыра түседі.
Асыл дініміз бен ата дәстүріміздің ажырамас бөлігіне айналған осы құндылықтар қоғамның да рухани-адамгершілік негізін нығайтуға қызмет ете беретіні сөзсіз.
Айтулы мейрамға орай шалған құрбандықтарыңыз, тілеген дұға-ниеттеріңіз қабыл болсын!
Айттан айтқа аман-есен жете берейік", – делінген құттықтау хатта.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.