Ақтау қаласынан оңтүстікке қарай 33 км жерде, суға шомылуға жабдықталмаған аймақта 2003 жылы туған У. есімді азамат суға батып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Суға батқан ер адамды іздестіруге өңірлік Төтенше жағдай департаментінен 15 құтқарушы, 5 техника, 4 жүзу құралдары және 2 дрон жұмылдырылған. Сондай-ақ өзара іс-қимыл шеңберінде ҰҚК Шекара қызметі департаментінің Маңғыстау облысы бойынша 1 шағын күзет кемесі, 4 сүңгуір, 2 бірлік техника жұмылдырылған.
ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ ЕО-145 тікұшағы тартылған. Іздеу жұмыстары барысында У. есімді азаматтың жағадан 90 метр ұзап кеткені анықталып, денесі 3 метр тереңдіктен табылды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.