Астана-Петропавл тасжолында жеңіл көлік өртеніп кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
– Шортанды кенті ауданындағы «Астана-Петропавл» республикалық маңызы бар автожолында жеңіл автокөлік өртенді. Өрт сөндірушілер өртті шақырту сәтінен бастап 21 минут ішінде жойды. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталуда, – делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.