Алматының Наурызбай ауданында киімсіз жатқан әйелдің денесі табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы құқық қорғаушы Дина Таңсәрі instagram-дағы парақшасында бөлісті.
«Таусамалы ауылы, «Монтажник» СО-да 15 маусымда бірнеше полиция көлігі келді. Бұл жерден жас әйелдің денесі табылды. Ол киімсіз, жалаңаш болды», – делінген жазбада.
Алматы қалалық Полиция департаменті кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізілуде. Басқа жағдайлар анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.