Мойнына пышақ қадаған: атыраулық әйелдің жағдайы ауыр

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ер адамнан зәбір көрген әйел 9 маусымда ауруханаға түскенін хабарлады.

Атырауда жұмыс орнында далада орналасқан дәретханаға шыққан сәтте әйелді бұрынғы күйеуі бірнеше жерден пышақтап кеткен. Әйелдің жағдайы ауыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

 

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ер адамнан зәбір көрген әйел 9 маусымда ауруханаға түскенін хабарлады.

«Облыстық ауруханаға жеткзілген кезде науқастың мойны мен иығында жарақаты болды. Қазір науқас аурухананың нейрохирургия бөлімшесінде ем алып жатыр. Оның жағдайы тұрақты, бірақ, ауыр. Бір жақ қолы мен аяғында әлсіздік бар. Бірақ, дәрігерлердің пікірінше, науқасқа операция қажет емес. Ауруханада тұрақты емін жалғастырады. Дәрігерлер науқастың жағдайын жіті бақылауда ұстап отыр», – деп хабарлады Басқарманың баспасөз қызметі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.