Германияда із-түзсіз жоғалып кеткен Айгүл Сайлыбаева көз жұмды. Бұл туралы жергілікті BILD басылым жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Германиялық басылымның жазуынша, әйелдің мәйіті Германияның батысындағы Бенсхайм қаласының шетінен табылған.
«Мәйіт полиэтилен пакетте болған. Оның үйінде 35 тергеуші жұмыс істеп жатыр», – деп жазды басылым.
Айгүл Сайлыбаева Германияға көшкенге дейін Астанада судья болып жұмыс істеген. Бенсхаймда отбасымен бірге тұрған.
Айта кетейік, ол 4 маусым күні таңертең қызын балабақшаға апаруға кеткен күйі оралмаған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.