Әлемдік экономика шығыны коронавирусқа байланысты 2 триллион долларға жетуі мүмкін
Әлемдік экономика шығыны коронавирусқа байланысты 2 триллион долларға жетуі мүмкін
© inform.kz
170
оқылды
COVID-19 вирусы індеті кейбір елдерді рецессияға ұшыратып, жаһандық экономика өсімін 2,5% -дан төмен деңгейге дейін құлдыратуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Коронавирустың өршуінен тікелей шетелдік инвестиция (ТШИ) ағыны көлемі қысқарады. БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД) ұйымы осылай мәлім етті. Ұйым сарапшылары құнды қағаздар мен кен өндіруші өнеркәсіп инвестициясына сұраныс күрт төмендеуі ықтимал деп болжауда. Ең көп шығынға вируспен күресте радикалды шаралар қабылдауға дейін барған ауру жұқтырғандар деңгейі жоғары, сондай-ақ Қытайдағы өндірістерге тәуелді мемлекеттер ұшырайды. Олардың қатарында Корея Республикасы, Жапония мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері бар. Мұнай мен шикізат тауарларын экспорттаушы елдерге де жағдай ауыр тиеді, олар экономикалық өсімнің бір пайызынан астамын жоғалтуы мүмкін. Алдын ала болжам бойынша, коронавирус салдарынан әлемдік экономика шығыны 2 трлн долларды, ал дамушы елдерде 220 млрд долларды құрауы мүмкін. Сарапшылар орталық банктер бұл дағдарысты еңсере алмайды, көлемді бюджеттік шығындарды қажет етеді деп қауіптенеді. Сондай-ақ ЮНКТАД сарапшылары коронавирустың өршуі тікелей шетелдік инвестицияның жаһандық ағынына кері әсерін тигізетіндігін айтуда. Бұған дейін олар 2020-2021 жылдарда ТШИ деңгейі айтарлықтай өседі деп болжаған болатын. Бірақ қазір олардың пікірінше, коронавирусқа байланысты инвестиция түсімі 5-15 пайызға төмендеуі мүмкін.