Щучинск қаласында екі жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқиға бүгін Ақмола облысындағы көпқабатты тұрғын үйдің аумағында болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі түрлі жарақаты бар бала ауруханаға жатқызылғанын мәлімдеді.
«ТЖМ ескертеді: Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз, ешқашан шіркейлерге қарсы торларға сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған. Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз», – делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.