Әйелін өлтіргісі келген атыраулық еркек ұсталды

Ол Ақтау қаласында ұсталды.

Атырауда әйелді өлтірмек болған күдікті ұсталды,– деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

9 маусымда Атырау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің дәлізінде 1991 жылы туған әйел адамды өлтіруге оқталған 29 жастағы күдікті ұсталды.

"Атырау облысы Полиция департаменті қызметкерлерінің кешенді жедел-іздестіру шарасы нәтижесінде ер адам Ақтау қаласында ұсталды. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр", – деп жазылған мәліметте. 

Еске салайық, бұған дейін Атырауда ер адам бұрынғы сүйіктісін аңдып, кіреберісте пышақтап тастағаны хабарланған еді.