Бүгін Талдықорған қаласында 7 жасар бала ағашқа мініп алып, өздігінен жерге түсе алмады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Көмекке ТЖМ жедел құтқару жасағының құтқарушылары келді.
«Оқиға орнына келген құтқарушылар ағашқа көтеріліп, баланы жерге түсірді. Құтқарушылар баланы тексеріп, туыстарына тапсырды», - деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінен.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.