ТЖМ ата-аналарға маңызды ескерту жасады

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға маңызды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

ТЖМ ескертеді:

  • балаларды суға жібермеңіздер және оларды қараусыз қалдырмаңыздар;
  • өзіңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігіне сақ болыңыздар;
  • судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар: шомылуға тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды; тереңдігі белгісіз суға сүңгуге болмайды; қалқымалардан аса жүзуге болмайды; мас күйінде суға түспеңіз; су көліктеріне жақын жүзбеңіз.

 

Сондай-ақ жыл сайын биіктен құлап, қайтыс болған балалар саны көбейгеніне де байланысты бірқатар ескерту жасады.

ТЖМ ескертеді:

  • кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
  • ешқашан москит торларына сенбеңіз, олар құлаудан қорғауға арналмаған;
  • балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.