BGR платформасы қытайлық ғалымдардың жаңа «әскери қолбасшы» жасағандары туралы жазды. Осы хабарламаға сүйенген Aikyn.kz «робот-генерал» әскерді қалай басқаратынын түсіндіреді.
Қытай билігі өз әскерін басқару үшін жасанды интеллекті пайдалануға тыйым салуы мүмкін. Өйткені адами қасиеттерді толық меңгере алмаған машинаның ертең ұрыс даласында қандай тәуекелдерге баратынын оны жасаушылар да білмейді.
Бұған қарамастан қытай ғалымдары зертханада өтетін соғыс ойындарына қатысатын «робот-генералды» жасаған. Бұл интеллектуалды машина адамның әскери қолбасшыға қажетті білімге негізделген және олардың күшті және әлсіз жақтарын ғана емес, сонымен қатар олардың жеке басының қабілеттері мен ойлау тәсілін де қайталай алады.
Қазірше виртуалды генералдар Хэбэй провинциясының Шицзяжуан қаласындағы Ұлттық қорғаныс университетінің Біріккен операциялық колледжінің зертханасымен ғана шектелген. Әзірге машина-қолбасшыға «өз әскери күштерін» басқару үшін бұрын-соңды болмаған өкілеттіктер берілген сияқты, өйткені ол шексіз сценарийлермен дамитын виртуалды соғыстармен айналысуда.
Сонымен қатар, жобаның зерттеулері ЖИ әскери қолбасшыларының экспоненциалды жылдамдықпен оқып-үйрене алатынын көрсеткен. Түпнұсқалық мақала қытай тіліндегі Common Control & Simulation журналында ғана қолжетімді.
Бірақ көрсетілген деректерге сенетін болсақ, ЖИ-ды әскерде қолдану өте «өміршең» шешім екенін көрсетеді.
Жасанды интеллектің әскери қолбасшылық бағытында дамуын көпшілік қолдамауы мүмкін. Бірақ бүгінгі әлемдегі ірі мемлекеттердің көшбасшылыққа таласының арты үлкен соғыстарға жалғасып жатқанын ескерсек, ертең екі елдің әскерлерін роботтар басқарып, роботтар майданда адамдардың орнында ұрыс жүргізетінін елестетудің өзі қорқынышты.
Мына видеодан ұрыс даласында, арнайы операцияларда роботтардың жұмысын көресіз. Бұл қорқынышты:
Бұған дейін де Қытай ЖИ-ді күштік құрылымдар үшін қолданып келгені белгілі. Қытайлық әскерилері мылтықтары бар робот-иттер мен жауынгерлік дрондарды сынақтан өткізіп жатқанын жасырмайды. Басқа елдер де соғыста қолданылатын интеллектуалды машиналарды сынап, оларды қазірдің өзінде майдан даласында қолдану жолдарын іздеуде.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.