Ақтауда спорттық гимнастикадан жасөспірім ұлдар арасындағы Қазақстан біріншілігі басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, турнирге Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және Маңғыстау, Қостанай, Павлодар және Абай облыстарынан жалпы есебі 83 спортшы қатысып жатыр.
Жарысқа қатысушылардың ең үлкені 13, ең кішісі 7 жаста.
Ал, спорттық гимнастикадан жасөспірім қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаты Шымкентте өтеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.