Тілге құрмет

Ұлытау облысында мемлекеттік тілді оқыту курстары биыл да жалғасын табуда. Осы уақытқа дейін 73 тың­дау­шы қамтылды. Оның бәрі сертификат алды. Ағылшын ті­ліне де қызығушылық артып келеді. Биылғы жылдың ал­ғаш­қы тоқсанында 3 топ ұйымдастырылып, 24 адам қа­тысып, арнайы сертификатқа ие болды.

Жезқазған қаласының Мә­дениет және тіл­дер­ді дамыту бөлімінің «Тіл­та­ну» оқу-әдістемелік орталығы үш тілді меңгерген жастарды анық­тап, қолдау мақсатында 2024 жылғы 23 ақпанда «Тіл­да­рын» байқауын ұйымдастырып, өт­кізді. Аталған шараға кол­ледж студенттері мен мектеп оқу­шылары қатысып, өз бақта­рын сынады. 

16 сәуірде Ұлытау облысы Мә­дениет, тілдерді дамыту жә­не архив ісі басқармасының «Ре­сурстық тілдерді дамыту орталығы» КММ ұйымдас­тыруы­мен бірнеше тілді мең­геру арқылы жас ұрпақты білім кеңістігінде еркін самғату, әлем­дік ғылым құпияларына үңіл­ту, өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасау мақсатында  «Көп тіл білген – көпті ілер» ат­ты облыстық тілдер кеші өт­кізілді. Кешке Ұлытау об­лы­сы­ның қала-аудандарының по­лиглот жастары қатысты.

Жезқазған қаласының Мәдениет және тіл­дерді дамыту бөлімінің «Тіл­тану» оқу-әдістемелік орталы­ғы мекемесі 14 наурызда Ұлы­тау облысының кәмелетке тол­­­мағандардың істері жө­нін­дегі мамандандырылған ау­да­на­ралық сотының қызметкер­ле­рімен «Мемлекеттік тіл – сот  өндірісінде» тақырыбында  ақ­­­­­параттық кездесу өткізді. Ақ­параттық кездесуге Ұлытау об­лысының кәмелетке тол­ма­ғандардың істері жөніндегі ма­мандандырылған ауданара­лық соты судья А.Ержанова жә­не сот мамандары қатысты.

Кездесуде «Тілтану» оқу-әдіс­темелік орталығының ди­рек­торы орталық жайлы ақпа­рат бере отырып, қазақ тілі жә­не ағылшын тілінен 24 са­ғат­­тық және 3 айлық курс өткі­зі­летінін атап өтіп, сот маман­дары тегін курсқа шақырылды. 

Ұлытау облысының Мә­де­ниет, тілдерді дамыту және ар­хив ісі басқармасының «Ре­сурс­тық тілдерді дамыту ор­та­лығы» мекемесі 15 наурыз­да «Көрнекі ақпараттағы кө­кей­­кес­ті мәселелер» тақыры­бын­да он­л­айн-семинар өткізді. 

Семинар барысында  «Qaz Лингва» орталығының жетек­шісі, Қарағанды ресурстық тілдерді дамыту орталығының «Көрнекі ақпарат пен жарнама тілін біріздендіру» әлеуметтік жобасын іске асыру бойынша жұмыс тобының мүшесі Гүлназ Мұс­тағұлова «Көрнекі ақпарат пен жарнама тілін бірізден­діру», Сәтбаев қаласы Мәде­ниет және тілдерді дамыту бө­­­­лімінің бас маманы Мадинат Игенберлина, «Көрнекі ақпа­рат тіліндегі сауаттылық», жез­қаз­ған қаласы мәдениет және тіл­дерді дамыту бөлімінің «Тіл­тану» оқу-әдістемелік орталы­ғы­ның директоры Ақгүл Оша­ға­нова «Жарнамалық көрнекі ақ­парат-қала келбеті», Ұлытау об­лысы Мәдениет, тілдерді да­мыту және архив ісі басқармасы «Ресурстық тілдерді дамыту орталығының» мониторинг және ақпараттық техноло­гия­лар бөлімінің меңгерушісі Жұл­дыз Қасым «Көрнекі ақпа­раттың бүгінгі көрінісі» деген та­қырыпта баяндама жасады. 

Сонымен қатар Жезқазған қа­ласының Мәдениет және тіл­дерді дамыту бөлімінің «Тіл­тану» оқу-әдістемелік орта­лы­ғы ZOOM платформасы ар­қы­лы Ұлытау облысының Са­ни­тариялық-эпидемиологиялық ба­қы­лау департаментінің қыз­мет­керлерімен кездесу өткізді. 

Мамыр айында Жезқазған қа­ласының Мәдениет және тіл­дерді дамыту бөлімінің «Тіл­тану» оқу-әдістемелік орта­лы­ғы» мекемесінің ұйымдас­тыруы­мен «Латын әліпбиі – ұлт­тық сананың қайта жан­дануы­на жол» тақырыбында се­минар-тренинг өткізілді.

Еліміздегі күрделі су тас­қы­ны зардабына байланысты Мем­лекет басшысы бюджет қа­ра­жатын үнемдеп, Қазақ­стан­дағы имидждік және басқа да ірі іс-шараларды азайту тап­сырмасын орындау мақ­са­тын­да, басқарма бойынша 272 млн теңге бюджетке қайтарылды. Сол себепті биыл қазіргі уа­қыт­қа дейін аталған бағдарла­ма­ның 114 – тармағы бойынша іс-шаралар ұйымдастырыл­мады.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,

Ұлытау облысы