«Тағдырыма, сезіміме байланысты»: Ақбота-Нұр Абайқызы қандай әндерді орындайтынын айтты

Әнді көпшілікке ұсынардан бұрын ой елегінен өткізетінін жеткізді.

Әнші, актриса Ақбота-Нұр Абайқызы өзі орындайтын әнді қалай таңдайтынын айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өнер иесі өмірі, тағдырымен байланысты әндерді орындайтын болып шықты.

"Әнді көбіне өзімнің тағдырыма, өміріме, сезімдеріме байланысты шығарамын. Ана ән ұнайды екен, мына әнді салайын, ана ақынның өлең шумақтары жақсы екен, шығара салайын деген жоқ. Ой, санамнан өткізіп, саралап, жүректен өткізіп барып, әндерімді халыққа көрсетемін", - деді ол.

Сонымен қатар әнші ер мінезді екенін, көбіне ер адамдармен жақсы тіл табысатынын атап өтті.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Qazaqstan.tv Ұлттық телеарнасы (@qazaqstantv)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.