Алматы қаласы Құрылыс бақылау басқармасы заңсыз салынған көлік жуу орталығының сүріліп тасталғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бекмаханов көшесінің батысында Солтүстік айналма көшесінің солтүстік жағындағы учаскедегі нысанды жоспардан тыс тексеру барысында оның тиісті рұқсат құжатының жоқ екені белгілі болды.
– Басқарма аудандық сотқа заңсыз тұрғызылған нысанды бұзуға шағым түсірген. Жетісу аудандық сотының 2022 жылғы 9 маусымдағы шешімімен автокөлік жуу өз бетінше салынған деп танылды. Жақында меншік иесі (жеке тұлға) қалалық Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен нысанды ерікті түрде бұзды, – делінген хабарламада.
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың заңсыз құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында былтырғы жылдың басынан бері 38 заңсыз нысан толық немесе жартылай бұзылды, оның ішінде «Мечта», «KHAN», «Граф», «Алма Гарден» ТҮК және т.б. бар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.