Алматы облысы Байсерке ауылында жүк көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде 12 және 14 жастағы екі қызды қағып кетті. Апат салдарынан қыздардың кішісі қайтыс болды, – деп хабарлады Aikyn.kz.
Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 17 маусым күні болды.
«ГАЗ» маркалы автокөліктің 46 жастағы жүргізушісі Байсерке кентінің көшелерінің бірінде, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған екі қызды қағып кетті. Салдарынан 12 жасар жаяу жүргінші сол жерде қайтыс болды», – деп хабарлады ведомстводан.
Аталған қылмыстық іс аудандық полиция бөлімшесінде тіркелді.
«Қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер тағайындаумен осы жол-көлік оқиғасының мән-жайларын объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полициядан.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.