Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Берлин WTA 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Елена алғашқы кездесуінде дүниежүзілік рейтингіде 35-орында тұрған ресейлік Вероника Кудерметовамен кортқа шықты, деп жазды BasSport.kz.
Алғашқы партияда Рыбакина 6:4 есебімен жеңіске жетті. Ал, екінші партия тартысқа толы болды. Дегенмен отандасымыз бұл сетте де 7:5 есебімен басым түсті.
Бір сағат 34 минутқа созылған матчта Елена 5 эйспен қатар 11 брейк-пойнттың 4-еуін пайдасына жаратты. Кудерметова 1 эйс, 2 брейктен (3 брейк-пойнт) аса алған жоқ.
Енді Рыбакина жартылай финалға шығу үшін Белорусь елінің өкілі Виктория Азаренкомен шеберлік байқасады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.