Нысана көздеуден Париж Олимпиадасына қатысатын спортшылар белгілі болды

Олимпиадаға лицензия алған спортшылардың бәрі жазғы ойындарға қатысу құқығын сақтаған.

Нысана көздеуден Қазақстан құрамасының бас бапкері Ольга Довгун Париж Олимпиадасына қатысатын спортшылар тізімін жария етті, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бас бапкердің айтуынша, Олимпиадаға лицензия алған спортшылардың бәрі жазғы ойындарға қатысу құқығын сақтаған. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Париж  Олимпиадасында сынға түсетін спортшылар тізімі: 

Никита Чирюкин

Александра Ле

Ислам Сәтпаев

Константин Малиновский

Арина Алтухова

Ирина Юнусметова

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.