Қарағандылық ер адам Бурабай курортының ең биік тауына көтеріліп, өздігінен түсе алмай қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары келген бойда қарағандылық туристің Көкшетау тауының шыңына шыққанын анықтады. Оған өздігінен түсуге құтқарушылар көмектесті.
– Шамамен екі сағатқа созылған құтқару операциясы сәтті өтті, – делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.