"Қазгидромет" синоптиктері 22 – 24 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы демалыс күндері елдің басым бөлігі циклонның ықпалында болғандықтан найзағай ойнап, жаңбыр жауады және дауылды жел соғады.
Республиканың батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында бұршақ жаууы ықтимал.
22 – 23 маусым күндері еліміздің батысында, 22 – 24 маусымда солтүстік-батыста, ал 22 маусымда еліміздің солтүстігінде жаңбыр жауады.
Ауа температурасы күндіз еліміздің батысында +25+35°C дейін, шығысында +31+39°C дейін жоғарылайды, еліміздің солтүстік-батысында +22+30°C дейін, оңтүстігінде +30+38°С дейін, оңтүстік-шығысында +25+38°С дейін төмендейді, солтүстігі мен орталығында +23+36°С мен +28+38°С аралығында өзгереді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.