Іс-шара Қазақстан Республикасының төрағалығымен өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Кеңеске қатысушылар: Ресей Федерациясының Энергетика министрінің орынбасары Сергей Мочальников, Беларусь Республикасының Энергетика министрі Виктор Каранкевич, Иран Ислам Республикасының Энергетика министрі Мехрабиан Али Акбар, Қырғыз Республикасының Энергетика министрі Таалайбек Ибраев, ҚХР Мемлекеттік энергетика басқармасы басшысының орынбасары Вань Цзиньсун, Тәжікстан Республикасының Энергетика және су ресурстары министрі Джума Далер Шофакир, Өзбекстан Республикасының Энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов.
Кеңестің мақсаты – ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасында энергетикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылау, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің энергетика ведомстволарының басшылары Тоқаевтың бастамасымен әзірлеуге ұсынылған «Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің энергетикалық ынтымақтастығын дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиясын» қарастыратыны айтылған.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы – қатысушы елдер үшін диалог пен ынтымақтастық алаңы саналатын аймақтық ұйым. Бүгінгі таңда ШЫҰ әлемдік ЖІӨ-нің шамамен үштен бірін, Еуразия аумағының 60%-ын, әлем халқының 42%-ын құрайды. Энергетика саласы – ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың аса маңызды бағыты. Өйткені ол экономикалық салаға айтарлықтай үлес қосады. ШЫҰ әлемдегі ең ірі энергетикалық ресурстарды өндірушілерді, тасымалдаушыларды және тұтынушыларды біріктіреді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.