Димаш Құдайберген Евровидениеге Ресей атынан қатыспайды
Димаш Құдайберген Евровидениеге Ресей атынан қатыспайды
© сурет интернеттен алынды
184
оқылды
Жас талантты әнші Димаш Құдайберген Евровидение байқауына Ресей атынан қатысу туралы өз пікірін білдірді. «Құрметті достар, Евровидение байқауына Ресей атынан қатысу туралы көптеген хаттар келіп түсіп жатыр. Бұл байқауға мен тек қонақ ретінде шақырса ғана қатысуым мумкiн. Қатысушы ретінде байқауға қатыспаймын және керек деп санамаймын», - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында. Әншінің айтуынша, халықаралық аренадағы байқауларға ол тек өз елі – Қазақстанның атынан ғана қатысады. «Аса құрметпен жанкүйерлеріме айтарым, халықаралық аренада мен тек қана бір елдің атынан шыға аламын, ол менің Отаным - Қазақстан! Қолдауларыңыз бен ыстық ықыластарыңызға рақмет. Менің "Арнау" атты жеке концерттік турнемде кездескенше!», - деп аяқтаған сөзін өнер иесі. Айта кетейік, жас дарын иесі алдағы 3 айда Еуропаның 11 қаласында концерт береді.